.RU

Библиографиялық құралдар құрастыру Кеңес Библиографиялық құрал

Дата19.01.2017өлшемі160.33 Kb.
Библиографиялық құралдар құрастыру

Кеңес
Библиографиялық құрал - библиографиялық қызмет көрсету және библиографиялық ақпаратты пайдалануға арналған библиографиялық өнімнің негізгі түрі.Онда библиографиялық өнімнің атқаратын негізгі қызметтері толық жүзеге асырылады.

Библиографиялық құрал - бір ғана библиографиялық сипаттамадан (бір библиографиялық плакат) бірнеше миллион библиографиялық сипаттамадан тұратын ірі кітапханаларға арналған каталогтар түрінде шығарылуы да мүмкін.



Библиографиялық құрал ( 7.0-99 МСТ-қа сәйкес ) – белгілі тәртіппен реттелген библиографиялық жазбалар жиынтығы.

Мысалы, Қазақстан Республикасында ұлттық кітапханасының ұлттық библиография бөлімі құрастырған, 1991 жылы жарық көрген “Қазақ ССР-нің құрылғанына 70 жыл” деген көрсеткішті айтуға болады. Бұл библиографиялық құрал-кһөлемі жағынан да,құрастырылған салалыр жағынан да мейлінше ауқымды еңбек.


Құралдарды түрлері бойынша жіктеу:

- мазмұнына қарай – әмбебап,салалық,тақырыптық,өлкелік, аумақтық,тұлғалық;

- шығарылу мерзіміне қарай- ағымдағы, ретроспективтік, перспективалық, кумулятивті (бұрын шығарылған басылымдар материалдарын біріктіру);

- таңдау тәсіліне қарай –тіркемелік, таңдамалы, белгілік, аннотациялық ( қысқаша сипаттама беру);

- материалдарды топтау тәсіліне қарай - әліпбилік, пәндік, сөздік, жүйелі, хронологиялық болып жіктеледі.
Құралдардың нысандары бойынша жіктелуі:

- қолжазба (машинамен жазылған);

- карточка (каталогтар және картотекалар)

- дербес емес баспалық (кітап ішіндегі, журнал ішіндегі, газеттегі, кітапқа қосымша,мақалаға қосымша құралдар);

- машинамен оқылатын (электрондық деректер және деректер қоры);

- библиографиялық басылымдар (типографиялық тәсілмен шығарылған құралдар).


Құралдар типтері:

-библиографиялық көрсеткіш;

-библиографиялық тізім;

-библиографиялық шолу;

- библиографиялық каталог;

- библиографиялық картотека;

- библиографиялық деректер көзі;

- библиографиялық құралдардың негізгі түрлері.


Библиографиялық құралдар дайындаудың жалпы әдістемесі.

Алдыменен құралдың түрі мен типін анықтау қажет.



Библиографиялық құралды құрастыру мынадай кезеңдерден тұрады:

-дайындық кезеңі;

-негізгі кезең;

-қорытынды кезең.



Дайындық кезеңіне тақырыпты таңдау және зерттеу енеді:

- таңдау және зерттеу. Тақырып әр алуан тұрғыда жаңашылдығы, өзектілігі, оқырман қызығушылығын туғызуы, салаға сәйкес әдебиеттің жеткілікті болуы және кітапхананың мүмкіндіктеріне байланысты.

- жоспар – проспект жасау. Жоспарда: тақырыпты негіздеуді, құралдың жалпы бағыт –бағдарын межелеуді, оның негізгі қоғамдық мәні мен басты міндетін (тарихи, теориялық,тәжірибелік және т.б. жақтарын ашып көрсетуді, сондай –ақ мақсаты мен қандай оқырманға арналатындығының сипатын қамтиды. Соңғысы өте маңызды, өйткені құралдың нақ кімдерге арналғандығы оны құрастырудың нақты ерекшеліктерін анықтайды. Жоспарда құралдың типтік және жанрлық ерекшеліктерін (ғылыми-көмекші, ретроспективалық, жүйелі, ішінара аннотацияланған, қорытындылаушы сипаттағы әдебиет көрсеткіші, шолу түрінде атқарылған ұсыныстық «оқырмандар тобы» және т.т. ) айқын анықтап алу қажет.

- құралдың тақырыбы бойынша әдебиеттерді анықтау.

анықтау – библиографиялық өңдеу мақсатында құжаттарды іздеу. Бұл жерде таңдалған тақырыпқа сәйкес әдебиеттерді қандай картотекада, каталогтан, кітап қорынан іздеу қажеттігін анықтайсыз.

Негізгі кезеңде жазбаларды библиографиялық таңдау және библиографиялық топтау жүзеге асырылады. Ол талдау және жинақтау кезеңдеріне бөлінеді.



Талдау кезеңі. Бұл кезеңнің мақсаты: жоспарда көзделген құрылымы және библиографиялық құралдар құрастырудың әдістемелік талаптарына сәйкес,таңдалып алынған құжаттардың библиографиялық жазбаларын дайындау. Талдау кезеңінде әрбір құжатпен жұмыс жасау қажет.

Бұл кезеңде библиографиялық таңдау жүзеге асырылады, яғни сіз таңдаған тақырып бойынша ең құнды әдебиеттер мақсаты мен оқырманына қарай сұрыпталады:

- әрбір басылым туралы мәлімет карточкаларға жазылады;

- әдебиеттер тақырыпшалар бойынша бөлінеді;

- мүмкіндігінше барлық құжаттарды қарап шығу керек, кейде кітаптың мазмұны мен тақырыбы арасында алшақтық болуы мүмкін, құжаттардың библиографиялық сипаттамасын тексеру керек. Егер кітап көп тақырыпты қамтитын болса, оны жалпы бөлімге орналастырып, өзге бөлімдерде сілтеме жасау керек;

- құжаттарға аннотация жасау (мәніне қарай анықтамалық және ұсыныстық аннотациялар жасалады) қажет.

Анықтамалық аннотация басылымның атауы және авторы, жанры, түрі және кімге арналғаны туралы мәлімет береді және библиографиялық сипаттамада көрсетілмеген өзге де мәліметтерді береді.

Бұл көбіне ғылыми, оқу және анықтамалық басылымдарда кездеседі. Аннотация қысқа және нұсқа болуы тиіс.

Ұсыныстық аннотацияда кітапқа, мақалаға берілген сіздің бағалауыңыз беріледі.Оның басты мақсаты – оқырманды қызықтыру.Ұсыныстық аннотацияның көлемі әдетте анықтамалық аннотация көлемінен үлкен болғанымен, бұл жерде де нақтылық пен қысқа да нұсқа қағидасын ұстанған дұрыс.

Екінші белгі –құжаттарды сипаттау тәсілі бойынша – аннотация жалпы (шығармаға жалпы сипаттама),талдау (егер шығарманың бір тарауы немесе бөліміне зейін аудару қажет болса),топтық(мазмұны жағынан жақын құжаттарды біріктіру) болып бөлінеді.



Жинақтау кезеңі. Бұл кезеңде сіз жасаған жұмысыңызды тиянақтайсыз. Библиографиялық құралдың құрылымын, материалдардың топтастырылуын қарайсыз, кей бөлімдердің әдебиеті аз болса, оны толықтырасыз, олардың орналасу тәртібін тексересіз.

Номер бересіз, номерлеу қажет.

Әрбір құжаттың бөлімдерде, тақырыптарда өз орнында болуын тексересіз, яғни библиографиялық топтама жүргізесіз.

Бұл оқырманның құралды пайдалану кезінде қажетті материалды тез табуына көмектеседі.



Қорытынды кезең. Библиографиялық құралды дайындаудың қорытынды кезеңіне анықтамалық -әдістемелік аппарат дайындау, түзету, библиографиялық құралды безендіру жұмыстары енеді.

Анықтамалық-әдістемелік аппарат құрамында алғысөз (немесе оқырманға) болады. Шағын құралдың өзін де алғысөзбен ашу керек.

Бұл жерде құралдың кімге арналғаны, қандай құжаттар енгені, материалдардың орналасу тәртібі, тараулар мен бөлімдер атаулары, тақырып атаулары, аннотация түрлері, көмекші құралдар (оқырман назарын құралдың құрылымына аудару қажет), әдебиеттерді таңдаудағы хронологиялық аумақ (жылы,айы, күні) туралы міндетті түрде мәліметтер беріледі.

Кіріспе мақала барлық құралдарға қажет емес. Негізінде ірі арнайы ретроспективті ғылыми –көмекші құралдар немесе жеке тұлғаға арналған көрсеткіштер кіріспе жазылады. Ол көрсеткіштің тақырыбы және негізгі әдебиеттерді сипаттайды және библиографияланып отырған әдебиетті терең білуді талап етеді.Сондықтан кіріспе мақаланы жазуға ғылым салалары бойынша мамандар, ғылыми редакторлар,кеңес берушілер тартылады.

Көмекші көрсеткіштер. Библиографиялық құралдың өзге мазмұндағы қырларын ашады. Танымал көмекші көрсеткіштерге мыналар жатады:

- авторлық мен тақырыптық көрсеткіш (бұл ең қарапайым түрде авторлар және тақырыптық әліпбиімен);

- атау көрсеткіші. Оған барлық қатысушы тұлғалар: авторлар, аудармашылар, көркемдеушілер, суретшілер және осы кітапта мәлімет берілген тұлғалар, (бұл жағдайда олар туралы құжаттар жақша ішінде) беріледі. Дербес тұлғалық көмекші көрсеткіш құрастырылуы да мүмкін;

- географиялық көрсеткіш – мұнда құжат мәтінінде кездесетін географиялық атаулар көрсетіледі;

- пәндік көрсеткіш – құжатта кездесетін заттар атауына аннотация болмаса да,оларға пәндік тізім беріледі, бірақ бұл өте еңбекқорлықты қажет ететін жұмыс. Сонымен бірге тақырыптық, жүйелік, хронологиялық көмекші көрсеткіштер де құрастырылады.

Қосымша. Библиографиялық құралдар қосымшасы құрамына каталогтар, картотекалар, кітаптағы және мақалада берілетін әдебиеттер тізімі, библиографиялық құралды құрастырушы жұмыс кезінде қарастырған библиографиялық құралдар, шартты қысқартулар тізімдері,құралды құрастыру жұмыстары аяқталғанннан соң шыққан құжаттар тізімдері және т.б. енеді

Библиографиялық құралға түзетулер енгізу және оны рәсімдеу жұмыстарымен негізгі жұмыс аяқталады.

Түзетулер енгізу кезеңінде библиографиялық сипаттама тексеріледі, стилистикалық қателер, нақты емес мәліметтер, қайталама құжаттар және сөйлем мазмұндары тексеріліп, түзетулер енгізіледі.

Кез - келген басылым секілді, библиографиялық құрал да мұқаба парағымен ашылады.Онда көрсеткіш шығарған мекеменің атауы, бөлім, көрсеткіш аталымы, шығарылу түрі, шығарылу орны және жылы көрсетіледі.

Мұқабаның ішкі бетінде құрастырушылар мен безендірушілерді көрсету қажет. Құралдың құрылымдық бөлімдерін (кіріспе сөз, негізгі мәтін, көмекші көрсеткіштер және т.б.) әр түрлі шрифтер қолданылады.

Мысалы, библиографиялық сипаттамаға қарағанда аннотациялар майда әріптермен беріліп, библиографиялық жазбамен арасында жол жіберіліп, жаңа жолдан басталып жазылады. Жазбалардың реттік номері де ерекшеленіп көрсетілуі тиіс.

Сонымен бірге тараулар, бөлімдер, айдарлар атауларына да әр алуан шрифтер қолданылады. Библиографиялық құралдарды безендіруге түрлі –түсті фотосуреттер, қызықты бейнелер,алуан түсті карталар және т.б. қолданылады.

Библиографиялық құралдың сыртқы бейнесі оның негізгі мазмұнын ашып тұруы керек.


Библиографиялық басылымдардың жаңа типтері

Библиографиялық антология.

Өлеңдер жинағы, поэтикалық шығармалар, ақындардың таңдамалы өлеңдерінің жинағы немесе өлке туралы өлеңдер жинағына арналады. Ежелгі грек ақындарының таңдаулы өлеңдерінен құрастырылған жинақты осылай атаған.

«Қазақ поэзиясының антологиясы» 1958 жылы Мәскеуде орыс тілінде жарық көрген. Антология негізінен көркем әдебиет оқитын оқырмандарға арналады. Антологияда ақындардың өлеңдері, шығармаларынан үзінді, өмірбаяндары және сыншылардың пікірлері беріледі және мерзімдік жағынан үлкен кезең қамтылады. Библиографиялық ақпарат нақты материалдармен үйлесім тауып, тараулар мен бөлімдердің басында беріліп отырады.Әдебиеттер тізімі тараулардың соңында көрсетіледі, аннотация берілмейді, себебі бөлімдердің мәтіндерінде әдебиеттерге сілтеме жасалады.
Библиографиялық очерк.

Бұл мазмұны жағынан әңгімеге жақын көркем –публицистикалық шығарма.Тарихи оқиғаға, нақты адамның өміріне байланысты мәліметтер береді. Нақты оқиғалармен толық және жан –жақты танысып, өзіндік ой түюге мүмкіндік беретін очерк тақырыбы қызықты және заманауи немесе болған оқиға туралы жаңа мәліметтерге негізделуі қажет. Ол әр алуан материалдардың, сын мақалалардың, рецензиялар, еске алулар, әдеби-көркем шығармалардың және т.б. қысқаша мазмұнын көрсетеді. Дереккөздер саны очерк тақырыбына байланысты, бірақ соның ішінен 7-10 кітап немесе мақаланы таңдау қажет. Әрбір анықтама көзі терең зерттеліп, одан ой –пікірлер, нақты мәселелер, дәйексөздер алынады. Одан соң барлық жиналған мәліметтер очерк мәтініне біріктіріледі.

Очерктің соңында дайындауға қолданылған әдебиеттер тізімі авторлардың аты –жөні әліпбиімен беріледі. Кітаптардың мазмұны очерк мәтінінде көрсетілгендіктен, аннотация берілмейді.
Библиографиялық жадынама –белгілі бір тарихи оқиғаға немесе мерейтойы аталып өтетін тұлғаға арналған шағын нысандағы жарнамалық –библиографиялық ұсыныстық сипаттағы библиографиялық құрал. Тақырып бойынша нақты мәліметтер беретін тізім немесе әңгіме түріндегі библиографиялық ақпарат.

Жадынама мақсаты – нақты тұлғаның негізгі шығармаларымен таныстыру және оның өмірі мен шығармашылығын зерттеуге көмек көрсету.Жадынама құрастыруға ең құнды және қолжетімді дереккөздерін, көлемі жағынан шағын естеліктер, құжаттар мен биографиялық сипаттағы мәліметтерге сүйенген кітаптар, әр алуан жанрдағы көркем шығармалар, журналдар мен газеттер мақалалар алынады. Жадынама бөлімдері мынадай тәртіппен беріледі: алғысөз (немесе кіріспе) қысқаша библиографиялық анықтамамен, маңызды шығармаларға қысқаша шолу; өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша әдебиеттер тізімі.


Библиографиялық бетбелгі ( закладка) – нақты кітаптар туралы оқырманға ақпарат беретін қысқаша әдебиеттер тізімін ұсынатын библиографиялық құрал және дәстүрлі немесе электрондық түрде құрастырылады. Ол оқырманға оқиғалар, жекелеген тақырыптар бойынша мәліметтер алуға және оқырманды қызықтыратын тақырып бойынша білімін кеңейтуге көмектеседі. «Не оқу керек?» деген бетбелгі таңдалған тақырып бойынша негізгі болып саналатын кітап ішіне салынады және осы тақырып бойынша білімін жетілдіру үшін өзге де әдебиеттер көрсетіледі.

Құрастырушы тізіммен жұмыс кезінде шығарманың мазмұнын жақсы білуі, оқырманға қандай ой туғызатынын болжай білуі, басты шығарма және ұсынылған өзге де кітаптар арасында байланысты көрсете білу қажет.

Кітап бетбелгісінде көптеген мәселелерді қамтитын шығарма алудың қажеті жоқ, себебі ондағы көтерілген мәселелерді бір бетбелгі аясында көрсету мүмкін емес. Бетбелгіде әдетте 10 атауға дейін көрсетіледі. Онда көркем әдебиетпен бірге ғылыми –танымдық әдебиеттерді, очерктер мен публицистиканы оқуға ұсыныстар жасау қажет,
Биобиблиографиялық құрал.

Дәстүрлі биобиблиографиялық құрал мынадай бөлімдерден тұрады: алғысөз, биографиялық очерк (биографиялық анықтама), тұлғаның негізгі өмірдеректері және шығармашылығы, тұлға шығармаларының тізімі, оның өмірі мен қызметі туралы кітаптар.

Биографиялық очеркте биобиблиографиялық құрал арналған адамның кәсіби, шығармашылық, мемлекеттік және қоғамдық қызметіндегі маңызды бағыттарға назар аударылуы тиіс.

Биографиялық очерк тұлғаның өмірі мен қызметіне байланысты болуы керек.Өмірі мен қызметінің негізгі жылдары көрсетілгеннен соң, негізгі оқиғаның қысқаша сипаттамасы беріледі.

Тұлғаға арналған құралдардағы библиографиялық жазбаға аннотация берілмейді.Егер биографиялық анықтамалар шағын, ал әдебиеттер тізімі көлемді болған жағдайда, ең маңызды басылымдарға аноотация беру қажет.

Биобиблиографиялық көрсеткіштің анықтамалық аппараты құрамында атаулық көрсеткіш болуы міндетті.


Дайджест.

Дайджесттің негізгі қызметі – оқырманға ақпарат көзіндегі басты ойлар мен нақты мәселелерді жеткізу. Дайджесттерде нақты тақырыптар бойынша аналитикалық шолулар, статистикалық мәліметтер, мәтіннен үзінділер, ресми және нормативтік құжаттардың мазмұны беріледі.Мәтіннен алынған әрбір үзіндіде құжаттың толық нұсқасына сілтеме жасалады.

Дайджесттің көрсеткіштерден ерекшелігі, көрсеткіш құрастырғанда біз құжаттарды топтастырамыз, ал дайджесте – мәтін үзінділерін топтасады.Дайджесетке тән белгілер;тақырып аясының тарлығы, мәселені әр алуан тұрғыдан қарастыру, авторлар пікірлерінің әр алуандығы және т.б.

Материал іздестіруде кітаптар, мерзімдік басылымдар және Интернет басылымдары да қарастырылады.

Дайджестің құрылымына мұқаба, дайдежст атауы,кіріспе сөз, негізгі мәтін, ( мәтін әдетте параграфтарға бөлінеді), пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Дайджестер қолжазба және электрондық нысанда құралады.Электрондық нұсқада пайдаланушыларға ыңғайлы болуы үшін гиперсілтемелер қарастырылады.


Басылымдардың жекелеген түрлерін көрсететін құралдар
Жаңа кітаптардың ақпараттық бюллетендері.

Библиографиялық құралға енгізілетін материалдар ККЖ таблицасына сәйкес орналастырылады.Библиографиялық жазба библиографиялық сипаттамадан тұрады, анықтамалық аннотациялар беріледі, библиографиялық сиптаттамадан соң, тізімде берілген ақпарат көзінің кітапхананың қай бөлімінде екендігі көрсетіледі. Библиографиялық жазбаның сол жағындағы ашық жерде кітаптың сақталу шифры көрсетіледі.

Бюллетеннің мақсаты, жазбалардың орналасу қағидасы, тапсырыстарды рәсімдеу тәртібі, шартты қысқартулар туралы мәлімет беретін қысқаша кіріспе сөз жазылады.

Бюллетендерге қойылатын маңызды талаптардың бірі – олардың дер кезінде шығарылуы. Ең оңтайлысы –ай сайын шығарып отыру.


Жолкөрсеткіш.

Библиографиялық өнімдерді көрсететін және оқырманның ақпараттың қажетті көздерін табуына ықпал ететін библиографиялық құралдардың ерекше түрі, яғни библиографиялық құралдардың көрсеткіштері.Мысалы, біз М. Әуезов туралы жолкөрсеткіш құру керек.Оған М.Әуезов туралы бұрын шыққан библиографиялық көрсеткіштер, әдебиеттер тізім, мақалаға қосымша тізімдер, анықтамалар, электрондық ресурстар, соны мен бірге Интернет сайттарындағы материалдар, яғни М.Әуезов туралы ақпарат беретін барлық дереккөздер енеді.

Жолкөрсеткіштер дәстүрлі қолжазба түрінде және электронды нұсқада (виртуалды жолкөрсеткіштер) болуы мүмкін. Виртуальды жолкөрсеткіштің бір түрі ретінде сайттард2耀кездесетін « Пайдалы сілтеме» айдарларын алуға болады.

Бұл библиографиялық құралдардың ең күрделі түрлерінің бірі болғандықтан,шығарылған құрал жолкөрсеткіштен талап етілетін дәрежеде ме, соған назар аударыңыз.


Өлкелік библиографиялық құралдар.

Ең көп таралған өлкелік библиографиялық құралдар – «Жамбыл облысының кітаптары» атты әмбебап ағымдық нысандағы немесе «Аудан (қала) туралы жаңа кітаптар» атты библиографиялық құралдар.

Мұндай көрсеткіштерде кітаптар, кітаптардан үзінділер, жергілікті және орталық басылым беттерінен мақалалар, фотоқұжаттар, картографиялық материалдар жинақталады. Бұл көрсеткіштерде жергілікті мерзімдік басылымдардан мақалалар басым болуымен ерекшеленеді. Қысқаша анықтамалық аннотациялар пайдаланылады.
Өлке туралы биобиблиографиялық құралдар.

Тақырыбы жағынан бұл құралдар тарихи, қоғамдық –саяси қайраткерлерге, өнер және мәдениет т.б. өзге сала өкілдеріне арналуы мүмкін.

Таңдау мынадай қағидалар бойынша жүзеге асырылады:

- өлкеден шыққан тұлғалар;

- өмірінің маңызды кезеңдері осы өлкеде өткен жеке тұлғалар;

- өмірі мен қызметіне өлке ықпал еткен жеке тұлғалар.

Сонымен бірге өлкедегі жергілікті аумақтардың тыныс –тіршілігіне еңбегі сіңген қайраткерлер туралы да болуы мүмкін.

Мұндай құралдардың құрылымы туралы жоғарыда айтып өттік.


Атаулы күндер күнтізбелері.

Бұл құралдардың негізгі міндеті – ағымдағы жылда аумақтық деңгейде аталып өтетін маңызды оқиғалар, мерейтойлар туралы нақты және библиографиялық мәліметтер көрсету.

Күнтізбе құрылымына кіріспе сөз, атаулы күндер тізімі, негізгі бөлім, көмекші көрсеткіштер енеді. Негізгі бөлімде атаулы күндер бойынша анықтамалар, сонымен бірге фактографиялық, статистикалық, библиографиялық және өзге де материалдар орналасады.әрбір мәтіндік анықтама соңынан ең маңызды және жаңа басылымдар, сонымен бірге мұрағаттық құжаттардың және т.б. бойынша 5-10 әдебиеттер тізімі беріледі.Қосымша ретінде көмекші географиялық көрсеткіштер құрастырылуы мүмкін.
Библиографиялық жылнама (хроника).

Материалдар оқиғалардың хронологиялық мерзіміне қарай топтастырылады. Аумақ өмірінің маңызды оқиғалары таңдалынады. Өлкенің тыныс – тірлігінде маңызды болып саналатын барлық оқиғалар (аталып өтпейтіндер де) көрсетіледі. Атау ретінде болған оқиғаның аты немесе өлке тарихында болған айғақты оқиға алынады.



Жылнама аталымынан соң фактографиялық анықтама немесе құжаттардан нақты үзінді келтіріледі. Оқиғаны сол күйінде оқырман қабылдауы үшін естеліктерден үзінділер келтірудің ерекше маңызы бар. Анықтама соңында әдебиеттер тізімі беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:

chast-i-korporativnoe-upravlenie-51-kniga-rasschitana-na-professionalnih-i-chastnih-investorov-a-takzhe-na-studentov.html
chast-i-london-dannoe-posobie-rasschitano-na-20-akademicheskih-chasov-raboti-v-klasse-i-na-40-65-akademicheskih.html
chast-i-mir-v-industrialnuyu-epohu-19001945-gg-vsemirnaya-istoriya-xx-vek-uchebnik-dlya-shkolnikov-1011-klassov.html
chast-i-muzikalnaya-kultura-ispanii-avtoreferat-razoslan.html
chast-i-o-principah-socioniki-uroki-socioniki-ili-samoe-glavnoe-chemu-nas-ne-nauchili-v-shkole.html
chast-i-obshaya-ocenka-reformi-1991-2007-gg-i-perspektiv-na-budushee.html
  • obrazovanie.bystrickaya.ru/programma-literaturnogo-kruzhka-v-gostyah-u-skazki.html
  • otsenki.bystrickaya.ru/sergej-alekseev-stranica-11.html
  • report.bystrickaya.ru/kakaya-prelest-eta-vasha-zalivnaya-riba-luchshie-recepti-novogodnih-blyud-metodichka-49-farmaciya.html
  • composition.bystrickaya.ru/p3-predelno-dopustimie-koncentracii-pdk-nekotorih-veshestv-l-n-blinov-glavnij-redaktor-izdatelstva.html
  • nauka.bystrickaya.ru/uralskij-ekonomicheskij-okrug-chast-2.html
  • studies.bystrickaya.ru/abioticheskie-faktori-sredi-i-ih-vliyanie-na-zhivie-organizmi.html
  • uchit.bystrickaya.ru/tenevaya-ekonomika-i-kontrolnie-funkcii-tamozhennih-organov-chast-2.html
  • spur.bystrickaya.ru/kratkie-svedeniya-o-golosovom-apparate-e-m-pekerskaya-vokalnij-bukvar.html
  • university.bystrickaya.ru/glava-6-vnimanie-eto-otredaktirovannaya-komandorom-versiya.html
  • grade.bystrickaya.ru/modul-aktualnost-problemi-obespecheniya-bezopasnosti-informacii.html
  • knigi.bystrickaya.ru/sabati-tairibi-msrepovti-zhaa-dostar.html
  • uchebnik.bystrickaya.ru/uchebno-metodicheskij-kompleks-disciplini-tehnologicheskie-osnovi-sozdaniya-mashin-prirodoobustrojstva-i-zashiti-okruzhayushej-sredi-osnovnoj-obrazovatelnoj-programmi-po-napravleniyu-podgotovki-specialnosti.html
  • ucheba.bystrickaya.ru/programma-po-kursu-tamozhennoe-pravo-dlya-studentov-5-ives-moskva-2004.html
  • uchitel.bystrickaya.ru/r-p-bakanov-stranica-3.html
  • student.bystrickaya.ru/-4-pravovoj-rezhim-voennoj-okkupacii-pravovoj-rezhim-vooruzhennih-konfliktov-i-mezhdunarodnoe-gumanitarnoe-pravo.html
  • studies.bystrickaya.ru/ekonomicheskaya-celesoobraznost-primeneniya-fotoepilyacii-v-salonah-krasoti-razlichnogo-klassa-chast-16.html
  • ekzamen.bystrickaya.ru/reglament-po-vneseniyu-izmenenij-v-ris-ege-prilagaetsya-nachalnik-otdela-e-v-lavrinenko.html
  • literatura.bystrickaya.ru/shpargalki-po-administrativnomu-pravu-chast-10.html
  • write.bystrickaya.ru/garvi-berch-soldat-nevidimogo-fronta-roman-belousov-o-chem-umolchali-knigi.html
  • writing.bystrickaya.ru/byudzhet.html
  • zanyatie.bystrickaya.ru/tema-3-izderzhki-predpriyatiya-i-ego-rezultati-uchebno-metodicheskoe-posobie-po-discipline-ekonomika-dlya-studentov.html
  • zadachi.bystrickaya.ru/metodi-i-priemi-osushestvleniya-kraevedcheskogo-principa-v-prepodavanii-geografii.html
  • literature.bystrickaya.ru/civilskij-v-l-teoreticheskaya-mehanika.html
  • ekzamen.bystrickaya.ru/sistema-normativnih-dokumentov.html
  • credit.bystrickaya.ru/otryadi-mlekopitayushih-grizuni-zajceobraznie-planirovanie-temi-urok-istoriya-razvitiya-zoologii.html
  • essay.bystrickaya.ru/doklad-o-hode-razrabotki-i-osushestvleniya-eksperimentalnogo-etapa-sozdaniya-mehanizma-posrednichestva-po-biobezopasnosti.html
  • uchenik.bystrickaya.ru/kabinet-ministrov-chuvashskoj-respubliki-postanovlenie-stranica-5.html
  • lesson.bystrickaya.ru/protokol-6610-k-1-rassmotreniya-i-ocenki-kotirovochnih-zayavok-stranica-2.html
  • assessments.bystrickaya.ru/endohirurgiya-ahalazii-kardii.html
  • university.bystrickaya.ru/glava-iii-para-moskva-gosudarstvennoe-izdatelstvo-geograficheskoj-literaturi1958.html
  • institute.bystrickaya.ru/glava-11-redaktorskaya-deyatelnost-v-sovremennih-usloviyah-solovev-v-i-yamchuk-k-t-redaktirovanie-obshij-kurs.html
  • knowledge.bystrickaya.ru/nachalnik-zaveduyushij-otdela-upravleniya-aspiranturi-prikaz-minzdravsocrazvitiya-rossii-1n-ot-11-yanvarya-2011.html
  • notebook.bystrickaya.ru/ix-dobicha-zhemchuga-zhenitbi-papashi-olifusa-dyuma.html
  • predmet.bystrickaya.ru/sistema-zachetnih-edinic-osobennosti-organizacii-i-kalendarnogo-planirovaniya-uchebnogo-processa-stranica-9.html
  • kontrolnaya.bystrickaya.ru/razdel-4-chertezhi-i-shemi-po-specialnosti-v-sistemah-avtomatizirovannogo-proektirovaniya.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.